«Аяқтан тік тұрғызбайтын вирус». Ресей Қазақстаннан ресми ақпарат сұратты

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jcFccQ09TLssMAkLTRvjnXkFw7k0hMyblCcF5RGW.jpg

Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адам әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералдық қызметі (Роспотребнадзор) Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми ақпарат сұратты. Бұған бұқаралық ақпарат құралдарында елде «аяқтан тік тұрғызбайтын вирус» таралып жатқаны туралы жарияланымдардың шығуы себеп болған, деп хабарлайды "Адырна".

Ресей ведомствосының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі республикадағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмауға қатысты жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеген. Аурушаңдық деңгейі маусымдық өсім көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

Роспотребнадзор мәліметінше, Алматы қаласында ай басынан бері тыныс алу жолдары ауруларының белгілерімен 14 мың адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың шамамен 2,8 мыңы – ауруханаға жатқызылған балалар.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті медициналық көмекке жүгінушілер санының артуын маусымдық аурушаңдықпен байланыстырды. Сонымен қатар ата-аналардың кейбірі балаларын емханаларға апармай, бірден ауруханалардың қабылдау бөлімдеріне жүгінетінін түсіндірді.

Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты, ал медициналық көмекке жүгінушілер санының артуы маусымдық кезеңмен байланысты.

Comments
Other materials