Түркістанда дәмхана тамағын жеген тұрғындар жаппай уланды

2458
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/3e552259-4647-4fdf-b09d-91423133f3d1.jpeg
Түркістанда дәмхана тамағын жеген тұрғындар жаппай уланып қалған. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Тамақтан уланғандар Кентау қаласындағы фаст-фуд әзірлеумен айналысатын дәмханадан суши, пицца , тауық етінен лаваш, чикен жеген. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті адам денсаулығына қауіп төндірген тамақтану орнына қатысты тексеру жүргізу бойынша шаралар қабылдады.
«Дәмхана иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-тармағына сәйкес 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, аталған нысанға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алмай жұмыс жасағаны үшін аталған Кодекстің 463 бабы 1-тармағына сәйкес хаттама толтырылып, іс-құжаттары сотқа жолданды»,— делінген хабарламада.
Comments