Енді елге ағылған ресейліктер жеке сәйкестендіру нөмірін әп-cәтте ала алады. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл жайлы министр ресейлік қашқындар үшін арнайы қызмет көрсетіп жатқан "Жастар" сарайына барғанда айтты.
"Ендігіде ЖСН алуға өтініш бергендер үшін қайтадан ұзын сонар кезекке тұрып, екінші рет келудің қажеті жоқ. ЖСН олардың телефон нөміріне 1414 қызметінен хабарлама түрінде түсетін болады. Бұл барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезек күткен азаматтарға қатысты. Мұның арқасында кезек күткендердің қатарын сиретіп, қызметімізді оңтайландырамыз", - деді министр.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
