Моңғолияның экс-президенті Халтмагийн Баттулға шетелге қашып кеткен. Бұл туралы елдің Экономика және даму министрі Чимэд Хурельбаатар өзінің Twitter парақшасында растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Моңғолияның кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, экс-президент елден 280 млн АҚШ долларын алып кеткен. Ал кейбірі оның денсаулығына байланысты Оңтүстік Кореяға емделуге кеткенін хабарлап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті елдің бұрынғы президентін көмір ұрлығына қатысы бар деп мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ, Моңғолияда 6,8 млн тонна көмірдің ұрланғаны туралы ақпараттан кейін халық жаппай наразылыққа шыққан еді. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, көмірдің жалпы құны – біздің валютаға шаққанда 1,8 млрд теңге болады екен.
Related news
Domestic brand. The appetite of "Falcon" that did not fly, "Tulpar" that did not come out and "Komagai".
A little girl died: a mother who left her daughter in kindergarten for a month lost her parental rights