Моңғолияның экс-президенті елінен қашып кетті

2782
Adyrna.kz Telegram
Фото: Коммерсант
Фото: Коммерсант

Моңғолияның экс-президенті Халтмагийн Баттулға шетелге қашып кеткен. Бұл туралы елдің Экономика және даму министрі Чимэд Хурельбаатар өзінің Twitter парақшасында растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Моңғолияның кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, экс-президент елден 280 млн АҚШ долларын алып кеткен. Ал кейбірі оның денсаулығына байланысты Оңтүстік Кореяға емделуге кеткенін хабарлап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті елдің бұрынғы президентін көмір ұрлығына қатысы бар деп мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, Моңғолияда 6,8 млн тонна көмірдің ұрланғаны туралы ақпараттан кейін халық жаппай наразылыққа шыққан еді. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, көмірдің жалпы құны – біздің валютаға шаққанда 1,8 млрд теңге болады екен.

Пікірлер