Франциялық ПСЖ қысқы демалыста жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қарсыласы Сауд Арабиясының екі клубы - "Әл-Наср" және "Әл-Хилал" ойыншыларынан жасақталған команда болмақ, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Матч қаңтар ортасына жоспарланған.
Айта кетейік, жаңадан әлем чемпионы атанған аргентиналық Лионель Месси ПСЖ сапында.
Бұған дейін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" сапына қосылғаны белгілі болды.
Осылайша, жұлдызды футболшылар 2023 жылдың басында кездесуі мүмкін.
Related news
An unexpected event. How did the players of Kazakhstan beat the Irish national team in the Euro-2024 selection?