Тұңғыш Президент Кеңсесін қаржыландыру 1 миллиард теңгеге қысқартылды

4238
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/b67802aa-5e8b-420a-9dd1-0a1ddfb1a743.jpeg
Биылғы жылы ҚР Тұңғыш Президентінің Кеңсесіне республикалық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы PROTENGE телеграмм арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Атап айтсақ, 708 млн теңге – Нұрсұлтан Назарбаевтың, ал 969 млн теңге – Тұңғыш Президент кітапханасының қызметтерін қамтамасыз етуге бөлінген. Өткен жылы экс-президенттің кеңсесін ұстауға бюджеттен 2,6 млрд теңге, 2021 жылы 2,1 млрд теңге қарастырылған еді. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кеңсесі – Нұрсұлтан Әбішұлы құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган. Миссиясы — Тұңғыш Президенттің қызметін және оның мәртебесін іске асыруды ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық, ұйымдық-протоколдық және өзге де түрде сапалы және уақтылы қамтамасыз ету.
Comments