Екібастұз маңында пойыз апатынан жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан”, делінген хабарламада.Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.
Related news
A presentation of books published within the framework of the "New Kazakh Literature" project was held in Almaty
