Қаңтар оқиғасынан кейін көрінбей кеткен Асқар Мамин жұрт алдына шықты

3295
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/3ad105d5-28c6-40a5-a280-f61caa399cec.jpeg
Қазақстанның экс-премьер-министрі Асқар Мамин Ташкенттегі хоккейшілерді марапаттау рәсімінен көрінді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Pro.ligasy.kz сайтының мәліметінше, Өзбекстан астанасында Parimatch-Pro Hokei Ligasy-ның 2022/23 маусымының жабылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазылов, ҚФХ бас директоры Глеб Қаратаев және ФХУ бірінші вице-президенті Баходыр Гафуров қатысты. Қаңтардағы оқиғалардан кейін Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетті. Бұған дейін экс-премьер-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген қауесет тараған болатын. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Comments