Тараз полицейлері Қытай азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырған

2902
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/03/kk.jpg

ҰҚК дерегінше, Қытайдан мигранттарының заңсыз арнасын Тараз қалалық көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған. 5 наурызда Тараз қалалық №2 сотының үкімімен осы іс бойынша көші-қон полициясы бөлімінің бұрынғы басшысы А. Зейдалиев төрт жарым жылға, оның орынбасары Б. Наурызбаев үш жарым жылға сотталды. Олар "лауазымын асыра пайдаланды" және "адамдардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырды" деп айыпталған. Ал Қытайда туған У. Силамбек есімді азамат "делдал" болғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған "адамдардың заңсыз көші-қонын ұйымдастырды" деген айып тағылған. ҰҚК Қазақстан аумағында тұруға заңсыз рұқсат алған Қытай азаматтарының құжаттарының күшін жою жағын қарастырып жатқанын хабарлады.
Comments