Қазақстандық жанкүйерлер шайбалы хоккейден 23-ші әлем чемпионатында ең үлкен жалауды желбіретті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бүгін Ригада Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізді.
Команданы қолдауға келген жанкүйерлер өздерімен бірге көлемі 800 шаршы метр болатын Қазақстан туын ала келген.
«Қазақстан – әлемдегі ең үлкен мемлекеттердің бірі. Үлкен және мәдени жағынан өте бай. Біз көп мәдениетті елміз және мұны бүкіл әлемге көрсеткіміз келеді. Біз ұлттық құрамамыз бен оның жанкүйерлерін қолдау үшін Қазақстанның ең үлкен туын тіктік», – дейді ұйымдастырушы Думан Қожахмет.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended