Мәскеуге шабуылдаған ұшқышсыз ұшақ қондырғыларының бейнедеректері әлеуметік медиа мен желілерді шарлап кетті. Кадрлардан тұрғындардың секем алып, даурыққаны байқалады. Көп уақыт өтпестен Ресей мемлекеттік думасының депутаты қалаға шабуылдаған дрондарды түсіргендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып үлгерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Үйдің төменгі қабатына түсіп кетуге, үйде күтуге болады ғой. Алдымен не істеу керек? 112 нөміріне хабарласып, ұшқышсыз ұшақ қондырғысы көргеніңді хабарлауың керек. Мекенжай айтылуы керек. Басқа түк істеудің қажеті жоқ", - деді Дума депутаты Андрей Гурулев.Депутаттың сұрағын журналист іліп әкетті. Ол депутаттан "Ал оларды видеоға түсіруге бола ма?" деп сұрады.
- Мүлдем! Қазір біз мұндай видео түсіргендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңды қарастырып жатырмыз" - деді Гурулев.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
It's been 2 years since the war in Ukraine. Armenia announced the suspension of its membership in the CSTO
I believe that systematic work will be established and those who encroach on budget funds will decrease"
