Семейдегі өрттен соң. Президент министрді қабылдады

2357
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/8295b1a4-4511-49ae-8058-4087ac535177.jpeg
Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” Ақордаға сілтеп. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өз баяндамасында: - орман шаруашылығын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтау мәселесін, соның ішінде техника сатып алу және ықтимал орман өртін алдын ала анықтау жүйелерін орнату бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде; - табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелеріне қажетті өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техникалардың тізімін кеңейту үшін тиесілі нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын; - негізгі өзен бассейндеріндегі, әсіресе,еліміздің оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығы жағдайында вегетациялық кезеңнің қалыпты өтуі үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдау барысында табиғатты қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту ісін кешенді түрде жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.  
Comments