Балқаштағы өрт. Аймақтағы ахуал қандай?

2752
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/izobrazhenie_2023-06-26_145031862.png
Іле-Балқаш резерватының жану аумағы қазіргі уақытта өртсөндірушілердің күшімен 120 гектарға дейін төмендеді. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 гектар болды, оның ішінде сөндірілгені - 6080 гектар, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "ТЖД және "Іле-Балқаш" МТР" РММ күштерімен қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағындағы 6-шы кварталда алдын ала 120 га алаңда сөндіру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштерімен жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ", - делінген хабарламада. Метеорологиялық жағдай: бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +16 С, оңтүстік-шығыс жел 1 м / с. "Жануды сөндіруге 34 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылған. 2023 жылғы 26 маусымда қосымша 13 адам, 2 техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберілді. Сондай-ақ, "Іле-Балқаш "РММ 25 адам және 10 техника, 8 адам және 4 орман шаруашылығы техникасы жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Comments