Астананың жиырма бес жылдығында аспан түрлі "сурет салды"

2385
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/040cc2eaa700d9402622f6517f38895d.jpeg
Астанада елорданың 25 жылдығына орай жарық шоуы ұйымдастырылып, жүздеген дрон көкте қалқыды. Түрлі көріністерді бейнелеп, аспанды ерекше нұрға бөледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы tengrinewskz-ке сілтеме көрсете отырып. ⠀ Түрлі-түсті көріністермен көркемделген іс-шара 6 шілде күні кешке Тәуелсіздік даңғылындағы "Қазақ Елі" алаңында өтті. ⠀ Дрондар аспанда көздің жауын алатын түрлі-түсті фигураларды қалыптастырып, түнгі аспанды қызықты жарық спектакліне айналдырды. Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арналған. Түнгі аспанда Астананың көрнекті нысандары жарық шамдарымен көрсетілді. ⠀ Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылды. Шоуға 500 дрон қатысты. Астана әкімі баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваның айтуынша, шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған. ⠀

"Адырна" ұлттық порталы

Comments