«Палата тазаланбаған». Ақтаудағы балалар инфекциялық ауруханасында екі күннен бері су жоқ

1901
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/0e84ba8b-1c10-4de5-a0f4-30cb5eb9fbda.jpeg

Ақтаудағы инфекциялық балалар ауруханасында екі күннен бері су жоқ. Бұл туралы жергілікті портал "Лада" жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Балаларға арналған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Жас ананың айтуынша, емдеу мекемесінде екі күннен бері ауыз су және техникалық су жоқ. Сондықтан пациенттер бес литрлік бөтелкедегі ауыз суды сатып алуға мәжбүр болуда.

Ыдыс жууға мүмкіндік жоқ. Палата тазаланбаған. Олар бізге нақты жауап бермейді. Осындай жағдайларға байланысты қолхат жазып, үйге шыққымыз келеді. Бірақ олар бізді жібермей жатыр, - дейді Жазира есімді науқас.

Балалар жұқпалы аурулар ауруханасындағылардың айтуынша, қазіргі уақытта құбырлар ескіргендіктен және жертөлеге жиі су ағып жатқандықтан құбырлар ауыстырылып жатқан көрінеді. Алайда, жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны әзірге белгісіз.

https://m.youtube.com/watch?v=Xp1-zz_9mAY&embeds_referring_euri=https%3A%2F%2Fsputnik.kz%2F&source_ve_path=MTY0OTksMjg2NjQsMjg2NjQsMjg2NjY&feature=emb_logo
Comments