Астаналық әйел сотталған ұлын босатуды талап етіп, көпірден секірмек болған (ВИДЕО)

3117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/izobrazhenie_2023-07-26_201123313.png
Астанада сотталушының анасы көпірден секіремін деп жұртты қорқытқан, деп жазады "Адырна". 26 шілдеде Астана тұрғыны Министрліктер үйінің жанындағы көпірге шығып,  "тонау және қасақана қылмыс" үшін сотталған ұлын босатуды талап еткен. Ол ұлын босатпаса, өзін көпірден лақтырып жіберемін деп қорқытқан. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырған. «Құтқарушылардың жедел әрекетімен сағат 12:37-де әйел баспалдақтың көмегімен құтқарылып, полицияға тапсырылды. Барлығы 6 адам және ТЖД 2 бірлік техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

   
Comments