Солтүстік көршінің мақсаты: ел ішіндегілерді де, айналаны да кедейлікте ұстау.

3236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/384563325_699998815324528_2111543072706634754_n.jpg
Көршілер осы әртісті пропаганда үшін бірнеше жыл бойы қатты пайдаланып еді. Пәтер, атақ, ақша берді...
Бірақ, түк шықпады. Ал, ол болса, біраз пәтер жинап алып, қалтасын толтырып, Батысқа тайып тұрды.
О баста, "Франция байларға САЛЫҚТЫ 75% қылады" деп елінен еңіреп, қашып еді.
Бірақ, салық өспейтін болды.
Сондықтан, қуана - қуана Еуропаға қайта қайтты.
Біздің елден де бір - екі сөмкені толтырып, арқалай кетті.
Шындығына келгенде:
БАТЫС елдері, яғни бұрыннан жақсы тұратын елдер бірімен - бірі сауда жасап, келісіп, бірге байиды.
Солай әдеттенген.
Ал, Солтүстік көршінің мақсаты мынадай: ел ішіндегілерді де, айналаны да өсіртпей, бағынышта, яғни кедейлікте ұстау.
Осыны біздің АЛАШ қашан түсінер екен?!
     
Comments
Other materials