Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөлмесінде 18 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен. Жас жігітті Жамбыл – Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлер алып кеткен.Футбол ойнау кезінде қала тұрғыны өзін жайсыз сезініп, көгалға құлаған. Факт ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.Істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.
«Адырна» ұлттық порталы
Related news
In the Almaty region, the volume of investments in the field of tourism amounted to 9.9 billions tenge