Сахарадағы БҰҰ миссиясына әскери бақылаушысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицері майор Дана Жамалиева жіберілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметші Қазақстанда және шетелде БҰҰ-ның әскери бақылаушыларды даярлау курсына іріктеліп, оқудан сәтті өтті.
БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі миссиясына жіберілген Дана Жамалиева – ҚР Қарулы Күштерінің жетінші әйел-әскери қызметшісі.
Қазақстанның қорғаныс ведомствосы бұл жұмысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 (2000) "Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік" құжатын басшылыққа ала отырып орындайды. Халықаралық құжатта әскери қызметші әйелдердің ұйымның миссияларына қатысуын арттыру туралы ұсыныс бар, - делінген хабарламада.
Related news
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge
Baimenov: Kazakhstan and Khabar public TV channels should be transformed into public television corporations