Әлихан Смайылов Ташкентте Шавкат Мирзиёевпен кездесті

2314
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/0212334b-14cf-40e4-b528-c9037153769f.jpeg
  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға барды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  «Өзбекстан – Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың шамамен 70%-ы біздің елдерге тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 30%-ға артып, алғаш рет $5 млрд-қа жетті. Біз өзара сауданы $10 млрд-қа жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді Премьер-Министр. Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық, атап айтқанда сауда, көлік және су шаруашылығы саласындағы уағдаластықтар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.   
Comments