Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Тергеп-тексеру нәтижесінде, өрттің шығу себебі қылқанжапырақты ағаштың діңіне түскен найзағай (құрғақ найзағай), жер жамылғысының тұтануына себеп болған. Аталған нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталады. Өрт кезінде «Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген, нәтижесінде 14 тұлғаның өліміне әкеліп соққан», - делінген хабарламада.Сондай-ақ «Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292 бабының 3 бөлігімен сараланып (өрт
Related news
«Адырна» ұлттық порталы