“Гастро орталықтың” директоры қамауға алынды

4878
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/7d71beeb-2f6c-43ca-b3fd-06adbeb8792d.jpeg
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова өлтірілген Астанадағы «Гастро-орталық» директоры да қамауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру фактісін жасырды деген күдікпен кісі өлімі орын алған “Гастро-орталық” мейрамхана кешенінің директоры ұсталғанын хабарлады. Тергеуді Астана қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.
«Қалалық полиция департаменті елорда мейрамханаларының бірінде ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша әйелді өлтіру ісіне қатысты тергеуді жалғастыруда. Қылмыс жасады деген күдікті Астана қаласының тергеу сотымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін орындауда. ҚР Қылмыстық Кодексінің 432-бабына сәйкес, қылмысты жасырғаны үшін «Гастро-орталық» директоры тергеу изоляторына қамалды. Тағы да Қылмыстық Кодекстің 434-бабы бойынша қылмыстың болып жатқаны туралы ақпарат бермегені үшін және 119-бабының 3-тармағына сәйкес, зардап шегушіні қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Іс Астана қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының және Ішкі істер министрлігінің бақылауында болады», - деп толықтырды полицейлер.
Comments