Салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Камеруннан экстрадицияланды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Бас прокуратураға сілтеме жасап.
ІІМ Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлерімен СІМ мен ҚР Камерундағы құрметті консулының көмегімен Қазақстан азаматы экстрадицияланды. Ол 2017-2019 жылдары жалған шот-фактуралар арқылы 720 миллион теңгеден астам салық төлеуден жалтарған деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден қашып, халықаралық іздеуге жарияланған. Маусым айында ол Камерун аумағында ұсталды, осыған байланысты Бас прокуратура оны экстрадициялау туралы өтініш жіберді, оны Қазақстан мен Камерун арасында экстрадициялау туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, Камерун тарапы қанағаттандырды. Қазіргі уақытта күдікті Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұндай қылмыстарды жасағаны үшін кінәлілерді 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.«Адырна» ұлттық порталы
Related news
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended