Қазақстан құрамасы футзалдан әлемдік рейтингте алтыншы орынға ие болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Әлемдік Futsal Planet порталының рейтингі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы алтыншы орынды иеленді. 2021 жылы спортшыларымыз 4-орында болған. Осыған дейін Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдары сынға түскен. Ұлттық құрама 2024 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеуде 6 ойында 6 жеңіске жетіп Өзбекстанда өтетін додаға жолдама алды. Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен 8 және 10 сәуір күндері Ташкент қаласында жолдастық кездесу өткізбек.Related news