25 желтоқсанда жастармен кездесу барысында Олий Мажлис Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева Өзбекстан ешқашан біреудің отары болмайтынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Gazeta.uz сайтына сілтеме жасай отырып.
«Интернеттен «Өзбекстанмен мынаны істейік, мынаны істейік» деген әртүрлі сөздерді көресіз. Өзбекстан ешқашан біреудің отары болмайды. Сіздер мұны білесіздер, маған оны түсіндірудің қажеті жоқ. Бұл бәріңіздің жүрегіңізде», - деді парламенттің жоғарғы палатасының басшысы. Өткен аптада «Әділетті Ресей» партиясының тең төрағасы Захар Прилепин Өзбекстан мен бұрынғы КСРО-ның басқа да аумақтарын Ресейге «аннексиялауды» ұсынды. Бұл мәлімдеме Өзбекстан жұртшылығының өткір сынына ұшырады. Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ташкенттегі елшісі Олег Малгиновты шақырып, Прилепиннің мәлімдемесі әдейі арандатушылық және екі ел халықтары арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етуі мүмкін екенін айтты. Көп ұзамай Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Прилепиннің сөздері «Ресей Федерациясының ресми ұстанымын көрсетпейді» деп мәлімдеді. Жұма күні президент Шавкат Мирзиеев республикалық руханият жәнеRelated news
«Адырна» ұлттық порталы