БАҚ: Мәскеуге бет алған ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады

2706
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-21-at-16.07.21.jpeg
Үндістаннан Ресейге бет алған әуе ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Паджвак агенттігі Х әлеуметтік желісінде. Үнді компаниясының ұшағы Ауғанстанның Бадахшан провинциясының тауларында апатқа ұшырады. Агенттіктің хабарлауынша, ұшақ Ауғанстанның солтүстік-шығысында құлаған.
"Жексенбіде жергілікті шенеуніктер үнді жолаушылар ұшағы Бадахшанның таулы аймақтарында апатқа ұшырады деп мәлімдеді", - делінген агенттік материалында.
Бадахшан провинциясында ұшақ техникалық ақау салдарынан апатқа ұшырағаны айтылуда. Әуе кемесінің бортында қанша адамның болғаны нақты айтылмады. Алайда кей басылымдардың ақпаратына сүйенсек, бортта 6 адам болуы мүмкін: экипаждың 4 мүшесі және 2 жолаушы. Ауғанстан аумағында жоғалған Falcon ұшағы Ресей федерациясының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізімінде тіркелген болып шықты. Экипаж мүшелері Гай (Үндістан) - Ташкент - Жуковский бойынша бағыт ұстаған. Ұшақ чартерлік санитарлық рейс орындағаны анықталды.
Comments