Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай бірнеше қанатты зымыранды ұшырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Bloomberg-ке сілтеп.
Әскери зымырандар жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-де ұшырылған.
Ал Оңтүстік Кореяның әскери күші күзеттің "күшейгенін" айтады.
«Биылғы жылдың басынан бері біздің республикаға қарсы ядролық соғыс жаттығулары жоғары қарқынмен жалғасып келеді. Біз Солтүстік Кореяның қосымша белгілері мен әрекеттерін бақылауды жалғастырамыз», — деді Оңтүстік Кореяның Штаб бастықтары комитеті мәлімдемесінде.Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Корея Шығыс теңіз аймағында Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапонияның бірлескен жаттығуларына жауап ретінде «Хэиль-5-23» су астындағы ядролық қару жүйесін сынақтан өткізді.
Related news
Round table on the topic "Problems of availability of additional online education and preparatory courses for students of rural schools"
"It is left for us to sit on our heads": the deputy demanded to open a criminal case against the head of Chocolife
