Жөндеу жұмыстарына байланысты. Астана әуежайында 100-ден астам рейс кестесі өзгертіледі

1925
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/f394e169-0e07-4a17-ba5a-da12fc44a0b6-960x500.jpeg?token=072992583cd1d18d8644238c315d5b90

2024 жылдың 1 мамырынан бастап елорда әуежайында ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге байланысты түнгі рейстерге шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Күрделі жөндеу 2024 жылдың 1 мамырынан 24 желтоқсанына дейін түнгі уақытта, жергілікті уақыт бойынша 22:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі. Астана әуежайында барлық түнгі рейстердің уақыты өзгеретінін айтылды. "Елорда әуежайындағы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуге байланысты барлық түнгі рейстердің ұшу/қону уақыты өзгертіледі. Күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айының басынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін учаскелерде жүргізіледі деп жоспарлануда", - делінген хабарламада. Астана әуежайынан түнде ұшуды жоспарлаған жолаушылар ұшу кестесіндегі ықтимал өзгерістер туралы білу үшін әуе компанияларына алдын ала хабарласуы керек екені атап өтілді. "Бүгінгі күні 100-ден астам ұшып-қону рейсі өзгертілді. Жолаушылар әуе компанияларынан рейстердегі өзгерістерді, нақты уақыты пен күнін анықтап білуі керек", - деп хабарлады әуежайдан.

“Адырна” ұлттық порталы

Comments