Павлодар облысындағы “Майқайыңалтын” кенішіндегі опырылған жерде құтқарушылардың өміріне қауіп төніп тұрғаны айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылған жерде экскаваторлар топырақ пен тау жыныстарын қайта қазу жұмыстарын жалғастыруда. Өткен тәулікте солтүстік беткейдегі экскаваторлар шамамен 25 текше метр көлемінде топырақты қайта қазды. Қазір аумақтағы опырылған орынның барлық периметрі бойынша жарықтар пайда болған. Мамандардың сөзінше, бұл өте қауіпті жағдай. “Бұрын кішірек жарықтар пайда болған кезде, құлаулар орын алған. Сонымен қатар, топырақты магнитометр мен геосканермен зерттеген кезде мамандар бұл нысанның орналасқан жерінде бұзылу ықтималдығыRelated news

“Адырна” ұлттық порталы