Отбасылық жанжалдан кейін. Шетелдік азамат терроризм туралы жалған ақпарат таратқан

2158
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/photo_457151-960x500.jpeg?token=6f0e91628b9155e4af8d1dff53b956a1
Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан шетелдік айыппұл арқалады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz-ке сілтеп. 2023 жылдың күзінде 36 жастағы шетелдік азамат Астана – Санкт-Петербург бағытындағы әуе рейсінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін ұсталған. Оған заңға қайшы қылығы үшін 2,5 млн теңге айыппұл салынды. Ол отбасылық жанжалдан кейін жұбайының Санкт-Петербургке ұшып кеткенін қаламай, осындай қадамға баруға бел буған. Бұл туралы Бақытжан Малыбаев хабарлады.
– Қаңтар айының соңында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 750 АЕК, яғни 2 млн 587700 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, – деді департамент бастығы Бақытжан Малыбаев.
Comments