Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Олий Мажлис Сенаты (парламенттің жоғарғы палатасы) өкілдерінің санын үштен бірге – 100-ден 65 адамға дейін қысқарту туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлисінің Сенаты туралы» Конституциялық заңға сандық өзгерістер енгізуді көздейді. Егер бұған дейін Қарақалпақстан, Ташкент және Өзбекстанның 12 облысынан мемлекеттік органға алты адам сайланса, енді бұл сан әр облыстан төрт өкілге дейін қысқарады. Сонымен қатар, президент қосымша тағайындаған 16 сенатордың орнына мемлекет басшысы парламенттің тоғыз депутатын тағайындайды.
Бұл ретте сенаторларды сайлау тәртібі өзгеріссіз қалады. Өңірлік өкілдер жергілікті билік органдарының отырыстарында жасырын дауыс беру арқылы сайланады, ал ғылым, өнер, әдебиет, өндіріс және қоғам өмірінің басқа да салаларында тәжірибесі мен ерекше еңбегі бар беделді азаматтардың арасынан кандидаттарды президент бекітеді.
Related news
Those who are switching their car to gas should not forget that it will also become more expensive. Almasadam Satkaliyev
YERLAN MAZAN: The Chinese MFA issued a statement on the situation in Russia: "This is an internal matter of Russia."