Маңғыстау облысында тамақтан уланғандардың саны артты

2016
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/ulanu-960x500.jpg?token=c32d580449ce0c9ba8c29c79f7d21be0

Маңғыстау облысында фастфудтан уланғандардың саны 36 адамға жетіп, олардың 28-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалған. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Уланғандар аудан орталығындағы «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанған. 22 ақпаннан бастап аталған қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды. «Науқастарға облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етіліп, қосымша 20 адамға орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды. Қазір осыған байланысты эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр», - деп жазылған Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасыны баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Сонымен бірге, жаппай тамақтан улану дерегі бойынша Маңғыстау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Comments