Үш жыл бойы заңсыз жалақы алып келген шенеуніктер ұсталды

1840
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/sot-960x500.jpg?token=13e59c644cadaa2b1d57e4501bb6a2b7
Ақмолада мемлекет бюджетін өзіне заңсыз аударғандар анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Orda.kz-ке сілтеп. Ақмола облысы прокуратурасы Целиноград ауданында тексеру жүргізді. Нәтижесінде мемлекет бюджетін негізсіз жұмсағандар анықталды. Тексеру барысында Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері үш жыл бойы өз еңбекақыларына қосымша қаражат алған. Олар 15 миллион теңгеден астам қаржыны қалталарына басып келгені анықталды. Қазір аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Аса ірі көлемдегі ұрлық») 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Comments