Оралда көлігіне 600 киік мүйізін тиегендер ұсталды

2631
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/3b97d2da-648a-4a2e-ac4e-d62edb312953.jpeg

Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600 киік мүйізін тәркіледі. Бұл туралы Polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полицейлер "Браконьер" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөліті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктен 593 дана киік мүйізі табылды.
Автокөлік рөлінде Атырау облысының тұрғыны болған және ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Comments