Үкімет басшысы Олжас Бектенов наурыз айында іс-сапармен шетелдерге аттанады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеп.
Жақында ғана тағайындалған су жаңа Премьер Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен бармақ.
Бектенов Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіп, бірқатар мәселелерді талқылауы жоспарланған.
Ал Ташкентте ҚР Үкімет басшысы Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп,сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.Related news
YERLAN MAZAN: The Chinese MFA issued a statement on the situation in Russia: "This is an internal matter of Russia."
