Алматылық құтқарушылар Медеу ауданына қарасты Восточка ауданында өртеніп жатқан үйден 57 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«6 наурызда сағат 18.58-де Алматыда Медеу ауданында жеке тұрғын үйден өрт шығып, өрт көршілес екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырына жайылып, жалпы алаңы 250 шаршы метрді шарпыған», - делінген хабарламада.
Өрт сағат 20.02-де сөндірілді. Зардап шегуші азамат жедел медициналық жәрдем қызметіне жіберілді.
«Қабылданған шаралар өрттің көрші үйге таралуына жол бермеді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 20 адамы мен 5 техникалық бірлік жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe