Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

2058
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/3ab1ce8b-64c8-488f-aa71-5d6fda06df7b-960x500.jpeg?token=1ed2c74d361cd060c879864bfb1f1127
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен Қазақстан халқын құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Президент қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.  «Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.  Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін», - деп атап өтті президент.   
Comments