Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Андрей Гурулев Қазақстанға қатысты мәлімдемелер жазылған аудионың жалған екенін айтты, - деп хабарлайды “Адырна”
"Бүгін Қазақстаннан келген достарымызбен менің атымнан тараған қауесетті қарап отырмыз. Бұл жалған аудио әрине. Мен нейрондық желілер кез келген нәрсені жалған ететінін түсінемін, сондықтан мен сіздерді кез келген ақпаратқа келгенде мұқият болуға шақырамын. Ешкімді шағыстырудың қажеті жоқ», - деді ол.
Бұған дейін саясаттанушы Ғазиз Әбішев Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты - Мемлекеттік Думаның қорғаныс істері жөніндегі комитетінің мүшесі Андрей Гурулевтің даусына ұқсас адамның Қазақстанға қарсы қоқан-лоққы сөздер айтылған аудиожазбасы тарағаны туралы пікір білдірген болатын.
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge
