Қазталов ауданының әкімі құтқарушыны қабылдады

1875
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/78149c17-c84d-48c8-9b81-e470d2e2000e.jpeg

Бүгін Қазталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов №11өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші–құтқарушы Мержан Жанғалиевті қабылдады.

30 жастағы құтқарушы 13 сәуір күні Әжібай ауылында 1 жастағы Ясмина есімді қыз баланы ажалдан арашалады. Кенжиндер әулетінің кенжесі ауладағы әжетханаға түсіп кетіп, көршісі Мержан Жанғалиев оқиға орнына жетіп, сәбиді өлім аузынан құтқарып қалады. Кезекті еңбек демалысындағы өрт сөндіруші-құтқарушы абайсызда әжетханаға түсіп кеткен бүлдіршінді аман-есен алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Қазіргі таңда бүлдіршіннің денсаулығы бірқалыпты.

Аудан әкімі құтқарушыға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен

марапаттады.

-Өз қызметін адалынан атқарған Мержан Мирамұлының әрекеті баршамызға үлгі. Жұмыс уақыты болмаса да, өзгенің өмірін алдыңғы орынға қойып, құтқарып, алғашқы көмек көрсеткеніне біз бек қуаныштымыз.  Еңбегіңіз  еленіп, қызметіңіз арта берсін!, -деді аудан әкімі.

Мержан Мирамұлы — Бірік ауылдық округіне қарасты Әжібай ауылының тумасы.  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ҚР мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіруші-құтқарушысы болып қызмет атқаруда.

Comments