Әлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсірілетінін хабарлады. Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметінің мәліметінше, жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы реалити-тур шоу түсіру орны ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдаған.
Айта кетейік, Netflix - кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын ұсынатын және өте танымал жетекші ағынды платформа.
Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.
Сондықтан Алматыда туристік реалити-шоуды түсіру – елді тануға және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ. Жобаның жүзеге асуы Алматы туристік бюросының командасы мен Қырғызстанның продюсерлік компаниясының ынтымақтастығының нәтижесінде болады.
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival