Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді

1739
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_3596.png
Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеп (ОКҚ). «Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені бойымен 1 млрд текше метр су жіберілді», - делінген хабарламада. Мәліметтер бойынша, департамент осылайша суару маусымына әзірлікті қамтамасыз етуді жалғастыруда. Шардара су қоймасында 4,8 миллиард текше метр су жиналғаны көрсетілген. Сондай-ақ, бұған дейін Өзбекстанмен «Достық» каналы арқылы 922 миллион текше метр су өткізу туралы келісім жасалған болатын. «Қазіргі таңда Түркістан облысындағы «Қазводхоз» филиалында жөндеу-құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мәселен, Шардара ауданында 302 тік дренаждық ұңғыма жөнделуде. Кәсіпорын қарамағындағы 600 шақырымнан астам канал да тазартылды», - дейді минералды су ресурстары және ирригацияның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Comments