Жағдайы ауыр. Полиция қызметкері байқаусызда өзін-өзі атты

2135
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/218e3cc5-db45-4f66-88ea-d8b7dbb7d860-960x500.jpeg?token=176e8739b576ea02153d4c78f182a438
Батыс Қазақстан облысының полиция бөліміннің бақылау-өткізу бекетінде полицей абайсызда қызметтік қаруымен өзін атып алған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Облыстық полиция қызметкердің қазір жансақтау бөлімінде жатқанын, мән-жайы анықталып жатқанын айтты. "Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Өзге мәліметтер, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, жарияланбайды", делінген хабарламада. Дәрігерлердің айтуынша, 2003 жылы туған ер адамның жағдайы өте ауыр. Батыс Қазақстан Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 103 пультіне оқ жарақаты туралы ақпарат сағат 07:41-де түскен. "Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқас шұғыл түрде операцияға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол реанимацияда. Жағдайы ауыр", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Comments