Серік Елікбай. Мәселе жатта емес...

3267
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/07/қққ.jpg
Иә! Тағы иә! Біз зеңбіректі өзіміз жасамай, жаттан алған кезде-жеңілгенбіз. Біз одан бұрын жібек матаға асыл малымызды сатқан кезде-жеңілгенбіз. Өз жолымызды, жерімізден өтер сара даңғылды "Жібек жолы" дегенде- жеңілгенбіз. Тұрып сарыр, жаттың самаурынын сатып алғанда-жеңілгенбіз. Геккенің от қаруы астына арысымызды салып бергенде-жеңілгенбіз. Болыстық, аға сұлтандықты алсақ деп сіздер айтар "кемеңгерлер" бөтен кеңселерде мүләйім көз,  сынған жүзбен отырғанда-жеңілгенбіз. Жігітектің он жеті "көкжалын" итжеккенге айдағанда-жеңілгенбіз. Алашорданың ақ тулары орыстан,  татардан жар таңдағанда-жеңілгенбіз. Ұлы даладағы қаракөктерді "қойдай қу қамшымен" дегенде-жеңілгенбіз. Бөгенбай, Қабанбай ұрпағы "за Сталина" деп ажал құшқанда-жеңілгенбіз... БІЗ ӨЗІМІЗДІ БӨТЕННЕН ҚОР САНАҒАНДА-ЖЕҢІЛГЕНБІЗ. Енді,  ұлы дененің бар шіріген мүшесі-жерге үзіліп түсіп жатыр! Бас жоқ! Жүрек те.. Енді намыс! Ұлың мен қызыңды жат сүйрелеп әкетіп,  алыс аймақта талап жеп...күмісіңнен күң жасауда! Жатырымызға сайтани шатырларын тігуде! Біздің белден-у төлдер тууда! Елдің құлы болып сатылған жұрт-санасы күң елге сырға салып жатыр... Ал сіз, маған Мәңгілік Ел деп-сандырақтайсыз...  
Comments