Қазақстанмен шекарада. Ресейде бөгет жарылып, бірнеше ауылды су басты (ВИДЕО)

6038
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7397.jpeg

26 шілдеде Ресейдің Челябі облысындағы Киалим су қоймасында бөгет бұзылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдайлар қызметінің айтуынша, толассыз жауын-шашын салдарынан қоймадағы су деңгейі 7 сантиметрге күрт көтерілген.

«Бес ауылдың 200-ге жуық тұрғыны апат аймағында қалды. Тасқын салдарын жоюға барлығы 170-тен астам маман мен 60 бірлік техника тартылды»,—деді департаменттің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі таңда Қарабаш ауданында болған жағдайға байланысты ТЖ режимі енгізілді.

https://youtu.be/FR-2vY-eumo?si=D-7YrNXJDuGmRxrM
Comments