2024 жылғы 9 тамызда «Бәйтерек» ҰБХ АҚ-да кездесу өтті. Кездесу барысында пилоттық отандық экополияларды құру туралы төрт инвестициялық меморандумға қол қойылды.
Кездесуде агроиндустриялық аймақтарды (АИА) және өнеркәсіптік кластерлерді қолдауға бағытталған инновациялық бизнес шешімдері талқыланды. Бұл бастамалар инфрақұрылымды құрудан бастап шағын және орта бизнесті біртұтас экожүйеге теңдестірілген интеграциялауға дейінгі барлық циклды қамтиды.
«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, жаңа модель болашақта инфрақұрылым салу, әлемдік брендтерді тарту және қаржылық мүмкіндіктерді кеңейту үшін түрткі болып, орнықты даму үшін қолайлы жағдай жасалады.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бәйтерек» холдингімен бірлесе, бизнеспен жұмыс жүргізіп, 4 стратегиялық жоба ұсынды. Олардың негізгі міндеті – технологияларды трансферттеу, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жеке капиталды, халықаралық компанияларды тарту. Мұндай тәсіл қарапайым міндет болмаса да, барлық инвестициялық бастамаларда сұранысқа ие», - деді Баталов.
Аталған экополияларды құрудың негізі бүгін қол қойылған меморандумдар болды. Атап айтқанда:
- Қазақстан республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ арасында ынтымақтастық туралы;
- «Шыңғылды көпсалалы кластері» АИА (Алматы облысы) – 29 млрд теңге. Жоба агроорман шаруашылығы питомнигін, 14000 гектар суармалы жерлердің шикізат базасын және сүт өнімдерін өндіруді қамтиды.
- «Бірлік асыл тұқымды қой кластері» АИА (Батыс Қазақстан облысы) – 25 млрд теңге. Жоба австралиялық терең өңдеу технологиясын қолдана отырып, ұлттық қой тұқымын дамытуға бағытталған.