"Бассыздық тоқтатылсын". Елімізде жер байлығына қатысты петиция жарияланды

1811
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_4210.jpeg
Елімізде тағы бір петиция жарияланды. Онда мұнай, газ компанияларының құпия келісім-шарттарын қайта қарауға қатысты тақырып көтерілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Петиция мәтінінде шетелдік компаниялармен жасалған келісімдерді қайта қарау керектігі қозғалған. "Жер байлығымыздың 15% ғана Қазақстанға тиесілі. Бассыздық тоқтатылсын! Петицияға қол қояйық! Еліміздегі ең үлкен кен орындарын алған әлемдік компаниялармен жасалған құпия келісім-шарттарды қайт қарау қажет. Себебі 30 жылдан бері жер астындағы мұнай, газды алып келген шетелдік компаниялар Қазақстанға пайданың тек 15% ғана беріп отыр. Шетелдік тәжірибеде 50% кем пайда көріп отырған ел жоқ, ал Қазақстан тек 15% алады. Абсурд. Бұл жыл сайын еліміз түсетін бірнеше млрд доллардан қағылып отыр деген сөз. Сондықтан құрметті қазақстандықтар, төмендегі сілтеме арқылы петицияға қол қойып, бассыздықты тоқтатуға өз үлестеріңізді қосыңыздар", - делінген мәтінде. https://youtu.be/lZxWgcXShbg?si=N4fYqBeqcjcvX-K7
Comments