Алматыда қазақстандық режиссер өмірден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Skif.news-ке сілтеп
Әзизжан Зайыров бүгін, 3 қыркүйекте өмірден өтті. Суық хабарды оның әйелі хабарлады.
«Қымбатты достар, бүгін біздің Әзиз өмір жолын аяқтады. Сағат 01:45-те №7 Қалалық клиникалық ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның жолы жарқын болды. Оған бәрі үшін рахмет», — деп жазды ол.Әзизжан Зайыров – режиссер, продюсер, сценарист, қоюшы-режиссер, қоғам қайраткері, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанған. Режиссер балалар үйінде өскен. 12 жасында екінші топтағы мүгедек атанған. Ол жақсылық пен махаббатты үйрететін өмірлік фильмдер түсіргенді жақсы көрген.
Related news
10,000 military personnel were mobilized to protect the western regions from water - Olzhas Bektenov