Тоқаев Тәжікстан президентін құттықтады

1069
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_8801.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы құттықтау жеделхатында Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді»,—деп жазды бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тәжікстан президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

Comments