Сәтбаевта балабақша бухгалтері 15 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

1345
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/photo-output-1-960x500.jpeg?token=b26badd0f6b0997fb53c77f4a54c85af

Сәтбаев қаласында балабақша бухгалтері өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі көлемде өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлаған. Бұл туралы бүгін, 23 қыркүйекте Жоғарғы соттың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол 2021-2023 жылдары жалақысына коэффициентін жасанды түрде арттырып, банктегі шотына жалпы сомасы 15 миллионнан астам теңге аударған. Сотталушы бұл қылмысқа қарызын өтеу мақсатында барғанын түсіндірді.

Әйелдің кінәсі оның мойындауымен, куәнің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, төлем құжаттарымен, сотта зерттелген тергеу және жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен расталды.

«Шынайы өкінуі, келтірілген зиянды толық өтеуі және асырауында үш кәмелетке толмаған баланың болуы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан және 10 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға билік етумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сүйене отырып, пробациялық бақылау белгіленіп, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі»,—делінген хабарламада.

Comments